Байқаулар

Қазақстанда аймақтардағы жастар журналистикасын дамыту мақсатындағы байқау өз жұмысын бастады

Қазақстан жастарының Конгресі ЗТБ жобасының бас əріптесі "SAMRUK-KAZYNA TRUST" əлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен жастар арасында журналистиканы дамыту мақсатында "Zhas Media" жобасын іске қосады.

Жоба "Самрұқ-Қазына" АҚ "Менің елім" əлеуметтік инвестициялар бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады. Байқау Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Павлодар, Орал, Талдықорған қалаларында 14-29 жастағы үміткерлер арасында өткізіледі. Байқаудың қатысушылары «SSLab Телезертханасының» "Журналистика мектебін" және танымал тележүргізуші, медиатренер Сәнді Сұлтан мен атақты блогерлердің авторлық курсын өтуге мүмкіндік алады. Ең үздік медиажоба авторлары 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады.

Жоба қатысушылары байқау арқылы іріктеледі. Өтінімдерді эссе, фото және аудиорепортаж форматтарының бірімен жіберуге болады. Өтінімдерді қабылдау жоғарыда аталған   барлық облыстар үшін басталды, ал Ақтөбе облысы үшін  2017 жылдың 21 қыркүйегіне дейін қабылданады. 

Конкурс 3 кезеңнен тұрады:
I - Қатысушыларды тіркеу, сұраныстар мен «Менің елімде...» тақырыбындағы  жұмыстарды (эссе, фото, аудио және видео материалдарды) қабылдау.
II - "Журналистика мектебінде" оқу, командалық медиажобалар дайындау.
III - Республикалық "Zhas Media" медиафорумындағы салтанатты марапаттау рәсімі.

Жобаның басты мақсаты жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, қоғамдық пікірді қалыптастыру үшін жас журналистер пулын құру, өңірлік жастардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына жәрдемдесу, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру арқылы жергілікті қоғамдастықта қоғамдық жағдайды жақсарту, жас журналистер жұмыс істеу және жеке жобаларды іске асыруына дағдыларын қалыптастыру және дамыту, сонымен қатар, пайдалы әлеуметтік дағдыларын жетілдіру. Аталмыш жоба дарынды жастардың арманын жүзеге асыруға және журналистика саласында жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.