Хабарлама сәтті жіберілді
Арекет
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп

Жоба туралы

«Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2019 жылы «ӘREKET» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Жобаның мақсаты - Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары (КЕҰ) арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту.

Өткен жылы жоба сынамалы режимде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында жүзеге асырылды. Жоба аясында 180 КЕҰ-ның 265 өкілі оқудан өтті. Жоба қорытындысы бойынша 96 бизнес-идея 500 000 теңге көлемінде қаржыландырылды.

2019 жылы гранттар байқауына 150 млн. теңге бөлінді. Байқау шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 млн.теңгеге дейінгі көлемде грантқа үміткер бола алады.

Қор кәсіпкерлік тәсілді қолдана отырып, әлеуметтік проблемалардың тиімді, инновациялық және тұрақты шешімдерін енгізуге бағытталған КЕҰ жобаларын қолдауды жоспарлап отыр.

Байқауға қатысу КЕҰ келесі мүмкіндіктерді береді:

  1. әлеуметтік кәсіпкерлік жайлы білім мен дағдылар алу;
  2. әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы сарапшылармен жобаны пысықтау;
  3. кәсіпкерлік құзыреттілікті дамыту;
  4. пайдалы байланыстар желісін дамыту;
  5. әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өз жобасын іске қосу/дамыту үшін Қор тарапынан қаржыландыру алу.

Байқау үш кезеңнен тұрады. Әрбір кезеңнің сипаттамасы және мерзімдерімен төменде танысуға болады.

Барлық мүдделі КЕҰ үшін бірінші кезеңге өтінімдер қабылдау алдында «Samruk-Kazyna Trust» өкілдері ҚР бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізеді:

Қала Күні Уақыты Өтетін орынның мекенжайы
1 Қызылорда 13.05. 15:00-17:00  Муратбаев к., 13 үй, ҮЕҰ арналған ресурстық орталық ғимараты, 3 қабат, 305 каб.
2 Талдықорған 14.05. 11:00-13:00 Балапанов к. 28, Журналисттер үйі
3 Түркістан 14.05. 15:00-17:00 Алматы арбаты н/з, Түркістан медиа орталығы ғимараты
4 Орал 15.05. 15:00-17:00 Мұхит к. 57/1
5 Шымкент 15.05. 10:00-12:00 Аль-Фараби ауданы, Адырбеков к. 17, "Достык" қонақжайы, кіші конференц зал 
6 Қостанай 15.05. 14:30-16:30 1 мамыр к. 151 (облыстық аурухана ауданы), ҮЕҰ Облыстық ресурстық орталығының ғимараты
7 Көкшетау 16.05. 14:30-16:30 Сәтпаев к. 1а, А корпусы, 3 қабат
8 Алматы 17.05. 15:00-17:00 Байтұрсынов к. 22К1 (Төле би к.-нен төмен, Гоголь к.-не жетпей), "Депо" коворкинг орталығы
9 Ақтөбе 20.05. 15:00-17:00 Санқыбай батыр д. 20а, Достық Үйі
10 Атырау 21.05. 11:00-13:00 М.Өтемісов к. 88, 2 қабат, ОТҮ жанындағы Азаматтық орталық
11 Қарағанды 22.05. 15:00-17:00 Гоголь к., 31, «Заводъ» СҮ, 2 қабат, 240 ауд. (Гоголь көшесі жағынан орталық кіре берістің сол жағында жеке кіру)
12 Тараз 22.05. 10:00-12:00 Сыпатай батыр к. 8/2, Азаматтық орталық
13 Ақтау 24.05. 10:00-12:00  9 ш/а, "Ренессанс" қонақжайы, B қабат, "Каспий 1" залы 
14 Петропавл 27.05. 14:00-16:00 Қазақстан Конституциясы к. 25, С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана
15 Павлодар 29.05. 11:00-13:00 Лермонтов к. 44, Азаматтық альянс үйі
16 Өскемен 31.05. 15:00-17:00 Протозанов к. 7, "Талдау және болжау институты" ЖШС ғимараты
17 Нұр-Сұлтан 03.06. 15:00-17:00 Өткізу орны кейінірек көрсетіледі.

 

Кездесулерді өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат сайтта қосымша жарияланады. Кездесуге қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда, түсіндіру кездесулерін өткізу уақыты мен орны туралы толық ақпарат алу үшін тіркеу сауалнамасын толтыруды сұраймыз.

Байқау туралы толық ақпаратпен БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕДЕН осы сілтеме бойынша танысуға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, КЕҰ келесі байланыс нөмірі:  +7 (7172) 57 63 05 (қазақ және орыс тілдерінде), 24 80 14 (орыс тілінде), 57 65 41 (орыс тілінде) (қоңыраулар Нұр-сұлтан уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) арқылы немесе areket.skt@gmail.com электронды поштасы арқылы хабарласа алады.

Байқау кезеңдері

ГРАНТТАР БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТІНІМ ҮЛГІЛЕРІ

Гранттар байқауының өтінім үлгілері
11 сәуір

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымдар:
+7 (7172) 57 63 05, 24-80-14, 57-65-41
телефон нөмірлері бойынша (қоңыраулар Нұр-Султан қ. уақытында 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады) немесе areket.skt@gmail.com электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.


Медиа



Әлеуметтік желілер