Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Серхио Рамос пен Лука Модричке қонаққа: Қазақстанда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің арасында футболдан турнир басталды

Серхио Рамос пен Лука Модричке қонаққа: Қазақстанда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің арасында футболдан турнир басталды

Алматы, 10 қыркүйек, 2019 ж. - Бүгін Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің арасында футболдан “Арманға қарай” атты Қазақстан Чемпионаты басталды. Жеңімпаз атанған команда “Реал Мадрид” футбол клубына бару мүмкіндігін ұтады. 10 қыркүйектен 13 қыркүйекке дейін жалғасатын турнирдің ұйымдастырушылары: BAURZHAN қайырымдылық қоры, Samruk Kazyna Trust қоры, RG Brands компаниясы мен Қазақстанның футбол федерациясы.

Қазақстанның 10 аймағындағы балалар үйінен 12 команда Алматығы келді. Олар “2019 жылдың чемпионы” атағына таласып, Испаниядағы “Реал Мадрид” корольдік футбол клубы мен атақты “Сантьяго Барнабео” стадионын өз көздерімен көру мүмкіндігі үшін бақ сынасады. 

2013 жылдан бері жыл сайын 11-15 жастағы жасөспірімдер қатысып жүрген чемпионаттың басты жүлдесі - әлемнің ең танымал футбол клубарын тамашалау және оның ойыншыларымен кездесу. Baurzhan қорының координаторы Балжан Тұрсынның айтуынша, бұл мүмкіндіктің арқасында ұйымдастырушылар өскелең ұрпақты спортқа баулап қана қоймай, өз еңбегіңмен әлемнің ең танымал футболистеріне қонаққа баруың әбден мүмкін екенін көрсетуді мақсат етті. 

Балжан Тұрсын:

  • Жеті жылдан бері Қазақстанның балалар үйінің жасөспірімдерінің әлемдегі ең мықты футбол клубына бару арманы шындыққа айналып жүр. “Арманға қарай” жобасы басталғалы 11-15 жас арасындағы 2000-нан астам жасөспірімнің футболға қызығушылығы артып, оның 64-і  “Барселона”, “Милан”, “Челси”, “Бавария”, “Атлетико Мадрид”, “Пари Сен-Жермен” сияқты әлемнің мықты клубтарын көріп, сүйікті футболшыларымен кездесті. Бүгінде біз Samruk Kazyna Trust қоры және RG Brands компаниясымен бірлесе отырып, балалар үйінің жасөспірімдеріннің Испаниядағы “Реал Мадрид” клубына бару мүмкіндігін жүлдеге қойдық.

“Қайрат” футбол клубының ойыншысы Елдос Ахметов қатысушыларға қолдау көрсетіп, осындай турнирлердің арқасында Қазақстанда жетімдер үйіндегі балалардың арманының орындалып жатқанын тілге тиек етті.

Елдос Ахметов:

Бүгінгі турнирдін, жарыстың осындай үлкен жас балаларға қуаныш сыйлағандарыңызға қуаныштымын. Бауыржан фондтың барына 15 жыл болыпты, алғысымыз шексіз! Үлкен кәсіпкерлерді, үлкен жұлдыздарды жас өсірімдермен таңыстырып, үлкен-үлкен армандарың орындап жатыр. Өткен жолы, менің есімде, өзіміз бүлдіршендерді Париж қаласына жібергенбіз, ПСЖ командасына. Ол өзімнің де арманымның бірі еді. Аллаға шүкір, өзім көрмесем де, осы бүлдіршіндер көріп жатыр. Әрқашанда осындай жарыстар бола берсін. Біз еңді өз қолымыз келгенше көмек көрсетуге тырысамыз.

Балаларға қолдау көрсету мақсатында  пресс конференция қонағы  бизнесмен, меценат Кайрат Кудайберген:

Өмірде әрқашан жеңістер мен жеңілістер болады. Бірақ, ұтылып қалғандар жеңіске жеткен адамдарға қарағанда екі есе, үш есе жылдам серпіліс жасауы тиіс деп есептеймін.  Әрбір адам өз ынтымақ арқасында қалғандардан жақсы болуы мүмкін.  Плутарх айтқандай: «Бүкіл өмір әлі еңсерілмейтін биіктіктің планкасы болуы керек». Сондықтан сіздердің барлық жеңістеріңіз, барлық биіктіктеріңіз тек алда! Ешқашан тоқтамаңыз, Алға ұмтылып, әрқашан жеңімпаз болыңыз.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары бұл спорт түрімен айналысқысы келетін барлық балаға футболдың қолжетімді болуы керек екеніне сенімді. Олардың ойынша, балалар үйі мен балаларға арналған мамандандырылған мекемелерде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің арасында болашақ спортшы тәрбиеленуі мүмкін. Сондықтан спортпен кәсіби айналысуы үшін балаларға осылайша қолдау көрсету маңызды. Оған дәлел: “Арманға қарай” жобасының 2017 жылғы жеңімпаздары - Қарағандыдағы “Таңшолпан” балалар үйінің командасы бүгінде Қарағандының кәсіби футбол клубында жаттығып жүр.

            Ұйымдастырушылардың басты мақсаты - болашақта қазақстандық спортқа үлесін қоса алатын жетім балаларды футболға ынталандырып, қабілеттерін дамыту. Әлемнің ең танымал футбол клубтарын көру, сүйікті спортшаларымен кездесу - жасөспірімдердің ұмытылмас сәттері болары анық, сонымен қатар бұл мүмкіндіктің олардың ары қарай дамуына күш берері сөзсіз.

            Естеріңізге сала кетейік, “Арманға қарай” турнирі жеті жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында Қазақстанның түрлі балалар үйінен 64 жеткіншек Европаның “Барселона”, “Милан”, “Атлетико Мадрид”, “Челси”, “Бавария”, “Пари Сен-Жермен” сияқты лауазымды клубтарына қонақ болып,  Месси, Робена, Хави, Давид Луиспен кездесіп қайтты.


Басқа жаңалықтар