Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Конституция Күніне орай Нұр-Сұлтанда жаңа әмбебап спорт алаңы ашылды

Конституция Күніне орай Нұр-Сұлтанда жаңа әмбебап спорт алаңы ашылды

Әмбебап кешен Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Гете 10 көшесінде бой көтерді. Елорданың кішкентай тұрғындарына мұндай сыйлықты «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан              «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры сыйға тартты.

1336 ш.м. аумақты алып жатқан әмбебап спорт және балалар ойын алаңы төрт аймақтан тұрады - футбол алаңы, стритбол алаңы, балалар алаңы, көше тренажерлері және workout. Футбол алаңы жасанды көгалмен, ал стритболға арналған алаң, балалар мен тренажер зоналары резеңке үгіндіден жасалған, жарақаттан қорғайтын жіксіз жабын – тартанмен қапталған. Алаң жалпы саны 30-ға жуық балалар ойын және спорт элементтерін қамтиды.

Алаңдар салауатты өмір салтын қолдау және балалар арасында  спортты дамыту, қалалар мен кенттер тұрғындарын қазіргі заманғы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында орнатылады.

Ашық ауадағы жаңа кешен Нұр-Сұлтанның жақын маңдағы аулаларының тұрғындарын, әсіресе жастар мен балаларды тарту орталығына айналады.

Алаңның салтанатты ашылуына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі           Алтай Көлгінов, «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының бас директоры Диас Әзбергенов және жақын маңдағы аулалардың тұрғындары қатысты.

Алаңдар орнатылғаннан кейін олардың сақталуын қамтамасыз ету және функционалдылығын қолдау үшін жергілікті атқарушы органдардың балансына беріледі.

 «Әмбебап алаңдарды орнату жобасы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және жергілікті қоғамдастықтардың өмір сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізуін кеңейтуге бағытталған «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Алаңдарды орнату жобасы халықтың салауатты өмір салтын дамытуға және олардың бос уақытын ұйымдастыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Дияс Әзбергенов.


Басқа жаңалықтар