Хабарлама сәтті жіберілді
Арекет
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар


Samruk-Kazyna Trust: 2018 жылы 350 000 қазақстандық қайырымдылық көмекпен қамтылды

Samruk-Kazyna Trust: 2018 жылы 350 000 қазақстандық қайырымдылық көмекпен қамтылды

2018 жылы «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры келесідей бағыттар бойынша әлеуметтік маңызы бар 57 жобаны іске асырды: әлеуметтік және медициналық секторда көмек көрсету, медианы, мәдени қоғамдастықты, адам әлеуетін дамыту, еңбек қатынастарын нығайту және қоғамның тұрақты дамуына инвестиция салу, «Менің елім» Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске асыру.

2018 жылы қайырымдылық көмек алушы қазақстандықтар саны 350 000-ды құрады, сондай-ақ Қор өз жұмысында балаларға үлкен көңіл бөледі. Осы ретте, БМС диагнозы бар 1 627 бала «Дені сау балалар» жобасының арқасында тегін оңалтудан өтті, диагнозы бойынша Қазақстанда емделмейтін 209 бала «Балаларға өмір сыйла» жобасы аясында шетелдік клиникаларға емделуге жіберілді, 6 552 бала «Медициналық пойыздарда» медициналық тексеруден өтті.

199 бала отбасы үлгісіндегі SOS Балалар ауылында тұрып жатыр, 1306 отбасы «Балаға арналған қамқор үй» жобасы аясында психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек алды.

 «Samruk-Kazyna Trust» Қоры «Жас дарындар» жобасын іске асыруды жалғастыруда. Оның арқасында 2018 жылы 27 дарынды бала жол жүру гранттарына ие болды және халықаралық конкурстар мен жарыстарға қатысты.

Сонымен қатар, өткен жылы еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында жұмысшы кәсіптерін танымал етуге бағытталған үлкен жұмыс жүргізілді, жоба қорытындысы бойынша 21 332 оқушы кәсіптік бағдар беру тренингтерінен өтті.

Астананың 1 530 кішкентай тұрғыны «Замандас» аула клубтарына тегін барып, шығармашылық, спорттық және ғылыми үйірмелерге қатысады. 600 жасөспірім «Туған елге саяхат» жобасына қатысу арқылы еліміздің басты туристтік нысандарында болып қайтты.

Балаларға бағытталған жобаларды іске асыра отырып, «Samruk-Kazyna Trust» елдің ересек тұрғындарын да ұмытпайды. Дәстүрлі түрде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. 2018 жылы оларға арнап 4 770 волонтерлік рейд ұйымдастырылды. 1200 ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері азық-түлік, дәрі-дәрмек, тазалау түрінде атаулы көмек алды. Бұдан басқа, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне Қазақстан мен ТМД елдері бойынша теміржол көлігімен тегін жол жүру ұсынылады.

 «Samruk-Kazyna Trust» Қоры қазақ тілін дамыту бойынша да белсенді жұмыс жүргізуде. «Мемлекеттік тілді дамыту қорымен» бірлесіп радио-сабақтар сериясы іске қосылды, мемлекеттік тілде іскерлік құжаттама бойынша интернет-портал www.resmihat.kz ашылды. 80 000-ға жуық адам www.soyle.kz  ресми сайты арқылы қазақ тілін үйренуде.

«Медициналық пойыздар» жобасы аясында еліміздің шалғай аудандарында тұратын 42 306 қазақстандық, соның ішінде 6 552 кішкентай бала білікті дәрігерлердің көмегіне ие болды, сондай-ақ, «ӘREKET» жобасы да көптеген оң пікірлерге ие болды. 180 коммерциялық емес ұйымның 265 өкілі әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. 96 грант бөлінді.

Семей және Шымкент қалаларында 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды, олардың әрқайсысы жыл сайын ерекше білім алу қажеттілігі бар 150-ге жуық баланы қабылдай алады. Бұдан басқа, өткен жылы Астана, Ақтөбе, Көкшетау және Өскемен қалаларында 7 ресурстық орталық іске қосылды.

Өткен жылы Қор бұқаралық спортты дамыту жұмыстарын жалғастырды. Осылай, «Сенің басқа қырың!» Challenge көп пікірге ие болып, өз айналасында 300 000-нан астам қазақстандықты біріктірді. Бұл жобаны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолдады.

Сонымен қатар, спорттық және балалар ойын алаңдарын орнату бойынша жоба да дамыды: елдің 10 өңірінде спортпен шұғылдануға арналған жалпы көлемі 52 000 шаршы метрден асатын 50-ден астам алаң салынды.

 «Samruk-Kazyna Trust» Қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. Біз әрқашан ашықтық, тиімділік және әлеуметтік маңыздылық қағидаттарын ұстана отырып жұмыс жасаймыз. Біз жүзеге асырып жатқан барлық жобалар - еліміздің көмек қажет ететін азаматтарына арналған және олар көмекті тегін ала алатынын атап өтеміз», – дейді «Samruk - Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Диас Әзбергенов.


Басқа жаңалықтар