Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар


Challenge «Сенің Жаңа Қырың» жобасы

Challenge «Сенің Жаңа Қырың» жобасы

Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортқа деген сүйіспеншілігін ояту.  Жоба 2018 жылдың 4 маусымында басталады.

Жобаны Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев қолдап, қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға және белсенді өмір салтын ұстануға шақыратын бейне үндеу жолдады. Challenge «Сенің Жаңа Қырың» бастамасы қазақстандықтарда спортпен шұғылдану әдетін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл үшін 21 күн ішінде физикалық жаттығуларға тек жарты сағат уақыт бөлу жеткілікті.

Жоба шарттары қарапайым:

1-қадам: Challenge «Сенің Жаңа Қырың» жобасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына (Instagram, Facebook, ВКонтакте) жазылып өзіңнің жеке парақшаларыңда 21 күн бойы жаттығу жасайтының туралы уәдеңді жарияла!

2-қадам: 4 мен 25 маусым аралығында күнделікті 30 минуттық жаттығулар кешенін жасап, фото/бейне есептерді  #Другойты, #СеніңЖаңаҚырың немесе #differentyou хэштегімен және орналасқан жерін (геолокация) белгілеп өз парақшаңа жүкте!

3-қадам: Белсенді бол! Достарыңды шақырып, өз жетістіктеріңнің нәтижесімен жақындарыңды ынталандыр!

Жоба қорытындысы бойынша арнайы комиссия Қазақастан бойынша 16 жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздар 6 шілдеге жоспарланған Open Air Event шарасының құрметті қонағы болады. Сонымен қатар, жоба аясында мүмкіндігі шектеулі баалаларға ерекше назар аударылады. Олар үшін арнайы Алматы қаласында танымал тұлғалардың қатысуымен ұйымдастырылатын 3 оффлайн-жаттығу өткізу жоспарланып отыр.

Жоба туралы толық ақпаратты www.drugoity.kz сайтынан біле аласыздар.


Жоба жаңалықтары