Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар


Инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы

Инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы

189
өтінім келіп түсті
20
үздік жоба іріктеліп алынды

«Мектеп оқушылары арасындағы инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы» – «бизнес періштелердің» қолдауымен мектеп оқушыларының конкурстық жобаларын іске асыру арқылы отандық инновациялық жобалардың алға басуына жәрдемдесу.

Жоба географиясы: Қазақстан Республикасы

Әкімшісі: «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы

Мақсатты топ: жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сыныптарының оқушылары.

Инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы аясында 2017 жылғы 26 шілде мен 15 қазан аралығында жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары арасында үздік инновациялық жоба конкурсы өткізілді. Олимпиаданың жаңашылдығы, әрі осындай жобалардан айырмашылығы – үздік 10 идеяның «бизнес періштелер» тобының қолдауымен іске асырылуы және коммерциялық тұрғыдан іске асыру сатысына өтуі. Жоба мектеп оқушыларының инновацияларға қызығушылығын ынталандыруға бағытталып, отандық жаңашыл жобалардың алға басуына көмектеседі.

Әсері: жас буынның болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына септігін тигізу, «болашақ мамандықтарының» дамуына серпін беру, ІТ технологиялар мен инженерлік мамандықтардағы жоғары білікті кадрлардың кәсіпқой құрамын қалыптастыру.

КОНКУРС ТӨРТ БАҒЫТ БОЙЫНША ӨТТІ:

1. ІТ технологиялар

2. Робот техникасы

3. «Жасыл энергетика»

4. Күнделікті өмірде қажетті өнертабыстар