Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар


«ZhasMedia» жобасы

«ZhasMedia»  жобасы

300
ӨТІНІМ КЕЛІП ТҮСТІ
180
ҚАТЫСУШЫ «SS LAB ТЕЛЕЗЕРТХАНАСЫ» ӨТКІЗГЕН «ЖУРНАЛИСТИКА МЕКТЕБІНДЕ» ОҚУДАН ӨТТІ

«ZhasMedia» – журналист болғысы келетін жастардың шығармашылық потенциалын қолдау және дамыту.

Жоба географиясы: Қазақстан Республикасы

Әкімшісі: «Қазақстан жастарының Конгресі» ЗТБ

Мақсатты топ: 14-29 жас аралығындағы жастар, жаңадан бастаған журналистер.

Қазақстанның алты қаласында, яғни Ақтөбе, Павлодар, Ақтау, Орал, Шымкент, Талдықорған қалаларында журналистика мектептері ұйымдастырылды. Жаңадан бастаған 30 жас журналист, сондай-ақ журналист болуды армандайтын, 14-29 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен студенттер конкурстық іріктеуден өтті. Жобаны «Қазақстан жастарының Конгресі» ЗТБ-мен және «SS Lab телезертханасымен» бірлесе отырып, «Samruk-Kazyna Trust» қоры жүзеге асырды. Өңірлерде жас журналистердің сабақтарын танымал журналист, тележүргізуші, медиа жаттықтырушы Санди Сұлтан өткізді.

Жобаның мақсаттары: өңірлердегі жастардың ақпарат және коммуникациялар саласындағы білімін арттыру, өңірлердегі жастардың бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыруға жәрдемдесу, олардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру және пайдалы қоғамдық дағдылар мен машықтарды жетілдіру.

Әсері: жастардың шығармашылық потенциалын, олардың зияткерлік қабілеттерін, ақпаратты тексеру дағдылары мен машықтарын дамыту; журналистердің кадрлық ресурсы болып табылатын және жас журналистердің жұмыстарын қамтитын «ZhasMedia» ақпараттық порталы құрылды.

ЖОБАНЫҢ 3 КЕЗЕҢІ БОЛДЫ:

1. Іріктеу туры

2. Өңірлерде өткізілген 4 күндік журналистика мектебі

3. «ZhasMedia» жас журналистердің қорытынды республикалық форумы