Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Instagram парақшасын қалай дұрыс толтыруға және ілгерілетуге болады?

Instagram парақшасын қалай дұрыс толтыруға және ілгерілетуге болады?

Күн сайын Instagram желісі танымал байланыс арнасына айналуда. Ол ұзақ уақыт бойы басқа әлеуметтік желілер арасында көш бастап тұр. Бұл дегеніміз, өздерін әлемге танытқысы келетін адамдар мен ұйымдардың бүгінде Instagram парақшасы болуы керек. Алайда, Instagram-да аккаунт ашу жеткіліксіз, ол парақшаны дұрыс толтыра білуіңіз және посттарды ілгерілетуді үйренуіңіз керек.

Бүгінгі материалда біз парақшаны дұрыс толтыру, посттарды дайындау, контент пен Stories бойынша идеяларды жүзеге асыру сияқты негізгі мәселелерге тоқталамыз. Материал жаңа пайдаланушылар үшін де, сарапшылар үшін де қызықты болады деп ойлаймыз. Өйткені, біз оны 2021 жылдың соңғы трендтерін ескере отырып дайындадық.

Парақшаны толтыру және безендіру

Адамдар сізді бірінші кездесуде сыртқы келбетіңізге қарай бағалайтыны сияқты, сіздің парақшаңызды оның қалай толтырылғанына қарай бағалайды. Сондықтан парақшаны барлық кішкентай элементтерді ескере отырып мұқият толтыру керек.

Био немесе профильдің «шапкасы»

Instagram-дағы өмірбаян (биография) - бұл аккаунттың жоғарғы жағындағы кішкентай блок, онда пайдаланушы өзі және оның парақшасы туралы айта алады, қарапайым сөзбен айтқанда, бұл аккаунттың визит карточкасы. Басқа атаулар – «шапка», профильдің «шапкасы», bio.

«Шапка» келесілерден тұрады:

- аватар (парақша иесінің суреті немесе ұйымның логотипі);

- профиль атауы (аты-жөні немесе ұйымның атауы);

- парақша сипаттамасы (мына сұрақтарға жауап: мен кіммін? немен айналысамын? блогта не туралы жазамын? оқырмандарға не ұсына аламын? Бос орындары бар максималды рұқсат етілген 150 таңба);

- сілтеме (сайтқа, басқа әлеуметтік желілерге немесе мессенджерге белсенді сілтемелер). Көп сілтемелерді жасауға болатын Taplink қызметі бар;

- батырмалар (нөмір, пошта; осы деректерді көрсете отырып, сізбен байланысқа қол жетімділікті арттыра аласыз);

Сондай-ақ, «Өзекті stories» немесе «хайлайтс» блогы бар. Ол шапкаға кірмегенімен, аккаунтты қабылдауға әсер етеді. Сонда сақталған сторизтерді 24 сағаттан кейін де көруге болады.

Сіздің профиліңіздің «шапкасы» ақпараттық, визуалды жағымды, қысқа және түсінікті болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Сондай-ақ, хэштегтер мен қаріптерді пайдалануға болады (IGFonts.io, Adobe Spark Post, Hype Type қызметтерді пайдалануға болады).

 

Посттарды дайындау

Красиво оформленный текст легче читается, привлекает внимание, раскрывает суть фото/видео, вызывает интерес. Для того, чтобы побудить подписчиков подписаться на аккаунт, рассказать о вас своим знакомым необходимо:

Әдемі жасалған мәтінді оқу оңай, ол назар аудартады, фото/бейненің мәнін ашады, қызығушылық тудырады. Оқырмандарыңыздың санын ұлғайтып, басқаларды жазылуға ынталандыру үшін, оқырмандарыңыздың сіз туралы достарына айтуы үшін келесідей қарапайым қадамдарды жасау керек:

- Қысқа әрі мәнді етіп жазыңыз (Instagram – 2200 таңбаға дейін)

- Тақырыптарды қолданыңыз

- Жариялау үшін дұрыс уақытты таңдаңыз

- Мәтіндерді абзацтарға бөліңіз

- 1 фото/видео астында 1 тақырыпты қозғаңыз

- Тиісті эмодзилерді қолданыңыз

- Посттарда тізімдер жасаңыз, элементтерді қолданыңыз

- Хэштегтерді дұрыс қолданыңыз (3-5 хэштегтер)

- Әрекетке шақырыңыз

- Визуал арқылы назар аудартыңыз

- Тиісті парақшаларды атап өтіңіз/белгілеңіз

- Байланыс көздерін посттың соңында көрсетіңіз

Оқырмандардың қызығушылығын арттыру үшін пайдалы және қызықты контент жасаңыз. Бұл жерде адамдардың жеке басқа байланысты, шынайы әңгімелерге көбірек қызығатынын есте ұстаған жөн. Тек жағымды сөздер айтылған мәтіндерге ешкім сенбейді. Күшті және әлсіз жақтар туралы жазатындардың жазылушылары көп болады.

Сондай-ақ, блог - мүдделер мен идеялармен бөлісудің тамаша тәсілі. Сіз өмірдегі әртүрлі оқиғалар туралы, кітаптарға, бағдарламаларға, жұмыс құралдарына шолулар, нақты жаңалықтар, өз салаңыздағы пайдалы істер, кеңестер жаза аласыз, сонымен қатар әртүрлі тақырыптар бойынша сауалнамалар жүргізе аласыз.

 

Әлеуметтік желілердегі МА ұғымы

Сіздің оқырмандарыңыз, сізді бақылайтын адамдар - сіздің мақсатты аудиторияңыз. МА-мен жақсы танысу сізге қызықты контент жасауға мүмкіндік береді. Ал қызықты контент, жоғарыда атап өткендей, оқырмандар санын көбейтіп, сіздің парақшаңыздың танымалдылығын арттырады.

Сіз кім үшін мазмұн жасайтыныңызды түсіну - бұл да бір сәтті қадам. Мақсатты аудиторияның маңызды параметрлері бар: жынысы, жасы, елі және тұратын қаласы, уайымы мен тәжірибесі, интернетте өткізетін уақыты, мүдделері. Бұл бүкіл тізім емес, бірақ ең бастылары.

Сізге МА анықтаудың 3 қарапайым әдісін ұсынамыз:

1. Сауалнама жүргізу

(Instagram-ға қаншалықты жиі кіресіз? Қай қаладан екеніңізді жазыңыз? және т.б.)

2. Ағымдағы белсенді аудиторияны талдаңыз (жазылушыладың парақшаларын қарау)

3. Аудиторияңыздың кімге жазылғанын біліңіз (ұқсастық пен жаңашылдықтады анықтау және т.б.)

 

Сториз немесе Stories

Стори – бұл парақшаны жүргізудің маңызды және ажырамас бөлігі. Егер 2019 жылы сторизтерде күнделікті өмір мен күлкілі суреттер жарияланса, онда бүгінде түрлі шолулар, нұсқаулар мен кеңестер жарияланады. Биылғы жылы Stories-тегі посттар қарым-қатынастың алдыңғы қатарлы арнасына шықты. Өйткені, профильдің барлық белсенді өмірі дәл осы жерде өтеді. Instagram статистикасы көрсеткендей, пайдаланушылардың 70%-ы бірінші кезекте сторизтерді қарайды. Күн сайын қызықты сторизтерді жариялау арқылы сіз жазылушыларға сіздің контентті үнемі тексеріп отыруға ынталандырасыз.

Stories құру идеялары:

  • Сауалнамалар жүргізіңіз, оқырмандардың пікірін сұраңыз, олар қандай тақырыптарға қызығушылық танытады, олар сіздің блогыңызда не оқығысы келетінін анықтаңыз. Stories редакторында сауалнамалар үшін арнайы жапсырмалар бар екенін ұмытпаңыз;
  • Егер сізді сторизтерде немесе жазбаларда белгілеп өтсе, сізде онымен бөлісіңіз;
  • Өзге де ресурстарға сілтемелер қалдырыңыз (10 мыңнан астам жазылушысы бар аккаунттарда «Свайп» функциясы қолжетімді, бұл кез келген ресурсқа белсенді сілтеме береді);
  • «Дейін/кейін» жазбаларымен бөлісіңіз - бұл көптеген адамдар үшін қызықты;
  • Қызықты лайфхактармен бөлісіңіз;
  • Онлайн-викторина ұйымдастыруға болады.

 

Instagram-дағы хэштегтер

Хэштег - бұл әріптер, сандар және/немесе эмодзи тіркесімі, оның алдында #символы тұр. Олар контентті санаттарға бөлу және оны аудиторияға көрнекі ету үшін қолданылады.

Хэштегтер - бұл аудиторияны кеңейтудің жақсы тәсілі. Хэштегтер тауарлар мен қызметтерге, салаға, ерекше оқиғаларға немесе маусымдық хэштегтерге, орналасқан жер хэштегтеріне немесе фирмалық хэштегтерге арналған болуы мүмкін. Жазбаларда сіз 30-ға дейін хэштег, ал сторизте 10-ға дейін қолдана аласыз. Сіз жасаған контентке байланысты хэштегтерді қосуға болады. Бірақ ең көп тарағаны - әр постта 3-5 хэштег.

Парақшаны өздігінен (тегін) ілгерілету

Егер сіз өзіңіздің парақшаңыздың әлеуметтік желілерде танымал болуын қаласаңыз, басқа әлеуметтік желілердегі Instagram парағыңыз туралы айтып, әңгімелер жазыңыз (оларды геолокация мен хэштегтерді, аккаунттарды белгілеу арқылы танымал етуге болады). Сонымен қатар, сіз тақырыптық аккаунттарда «қонақ» жазбаларын жаза аласыз. Егер сізде керемет әңгімелер, фотосуреттер, коллекциялар, сараптамалық мәтіндер болса, басқа аккаунттарға оларда материал жариялауды ұсыныңыз. Сондай-ақ, сіз оқырмандарыңыздан сізді таныстарына ұсынуды сұрай аласыз.

 

Профильді толтырдық, қызықты контент ойлап таптық, тамаша мәтін дайындадық. Ал визуалды қайтеміз? Ол үшін «SMM-ді жүргізуге арналған көмекші құралдар» тақырыбындағы материалды оқуды ұсынамыз. Онда біз әлеуметтік желілерде парақтаршаларды жүргізу үшін қажет қызметтермен бөлістік.

Жоба жаңалықтары
Социальное предпринимательство. Взгляд Татьяны Бурмистровой
04 ақпан 2019, 15:49:00
Вениамин Алаев: В Казахстане все больше людей с инвалидностью узнают о своих правах
27 қараша 2018, 19:37:00
Бақыт аймағы
20 қараша 2018, 19:45:00
Әлеуметтік жоба: идеядан іске асыруға дейін
18 қазан 2018, 09:43:00
Әлеуметтік кәсіпкерлік: маңызды ерекшеліктер
08 қазан 2018, 13:13:00
КСО - это про влияние бизнеса на человека и окружающую среду
28 қаңтар 2019, 11:31:00
Коммуникации для НКО. Взгляд Тимура Асланова.
21 ақпан 2019, 12:35:00
Айгерим Кошпесова: Қайырымдылық қорында жұмыс істеу маған кәсіби тұрғыда өсуге көмектеседі
07 наурыз 2019, 17:42:00
Қазақстандағы еріктілік. Теория мен практика.
18 наурыз 2019, 17:51:00
Impact Hub Almaty: Социальное предпринимательство. Взгляд Индиры Шах.
24 мамыр 2019, 11:47:00
10 способов продвижения социального проекта
25 маусым 2019, 16:39:00
Как стать благотворителем, не выходя из дома
13 тамыз 2019, 09:09:00
Есть ли польза? Как оценить ваш социальный проект
27 қыркүйек 2019, 17:26:00
Онлайн білім алу. 5 пайдалы білім беру сайты
27 қараша 2019, 11:12:00
Біргеміз. Волонтерліктегі фрешмендерге ақыл-кеңес
30 желтоқсан 2019, 10:33:00
3 «must-read» книг для волонтеров
10 ақпан 2020, 18:48:00
7 лидерских качеств успешного менеджера проектов
25 ақпан 2020, 18:17:00
Волонтерлерге арналған пайдалы онлайн-ресурстар
12 наурыз 2020, 15:43:00
Табысты фандрайзингтің ережелері
27 наурыз 2020, 12:23:00
SMM-ді жүргізуге арналған көмекші құралдар
09 сәуір 2020, 05:24:00
Полезные Telegram-каналы для НКО
17 сәуір 2020, 16:39:00
Волонтерлерге арналған онлайн курстар
22 сәуір 2020, 19:36:00
Өзін-өзі дамыту бойынша ТОП-7 кітап
30 сәуір 2020, 13:03:00
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған онлайн оқу курстары
06 мамыр 2020, 13:09:00
КЕҰ-ға арналған подкасттар
19 мамыр 2020, 18:27:00
Цифрлық волонтерлік жайында не білесіз?
28 мамыр 2020, 14:46:00
Карантин – жаңа мүмкіндіктер кезеңі
03 маусым 2020, 10:32:00
Жеке қаржымды қалай басқарамын: сарапшыға 6 сұрақ
17 маусым 2020, 16:47:00
Оқыту видеоларын қалай жасауға болады?
15 шілде 2020, 14:17:00
Пандемия жағдайындағы фандрайзинг ережелері
27 шілде 2020, 09:21:00
Волонтерлерге мотивация берудің 7 жолы
11 тамыз 2020, 13:00:00
Дағдарыс кезінде әлеуметтік жобаларды ілгерілетудің жаңа әдістері мен құралдары
24 тамыз 2020, 18:30:00
Данара Саранова: Аймақтардағы еріктіліктен халықаралық деңгейдегі еріктіге дейін
15 қыркүйек 2020, 16:12:00
Волонтерлік тәжірибе алуға болатын 5 астаналық ұйым
28 қазан 2020, 14:25:00
Қайырымдылық саласындағы 2020 жыл трендтері
27 қараша 2020, 15:40:00
ПРАВИЛЬНЫЕ ИМПУЛЬСЫ В СФЕРЕ НКО
09 желтоқсан 2020, 12:31:00
КЕҰ-ға арналған онлайн құралдар
31 желтоқсан 2020, 14:46:00
КЕҰ және өндіріс
22 қаңтар 2021, 18:21:00
7 инструментов коммуникаций для НКО
08 ақпан 2021, 10:00:00
Взаимоотношения НКО и доноров в новых реалиях
21 сәуір 2021, 15:41:00
Как детям правильно подготовиться к экзаменам: советы от психолога
05 мамыр 2021, 16:35:00

comments powered by HyperComments