Қайырымдылық – ғылым ретінде

Корпоративтік қайырымдылық форумына қатысу үшін Астанаға әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы халықаралық сарапшылар келеді. Олар пленарлық отырыс барысында өз пікірлерін айтып қана қоймай, сонымен қатар шеберлік сыныптары мен семинарлар шеңберінде Форумның қатысушыларымен тәжірибе алмасады.

Форумның бағдарламасы бекітілгенБірінші күні екі пленарлық отырыс өтеді: корпоративтік қайырымдылық – қоғамның дамуындағы бизнестің әлеуметтік рөлі ретіндеОдан кейін қатысушылар әлеуметтік инвестицияларды тиімді дамытуға арналған үздік шешім – әлеуметтік әріптестікті талқылайды.

Ал түстен кейін Форум шеңберінде таныстырылымдар, семинарлар және шеберлік сыныптары өтеді. Делегаттарға «Самұрық-Қазына» КТ компанияларының қатысу аймақтарындағы «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасысондай-ақ сәтті әлеуметтік PR-науқанды қалай өткізу керектігі бойынша 9 пайдалы идея ұсынылады.

Журналисттер үшін «Әлеуметтік журналистика – (корпоративтік) қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде» семинары өтеді. Пікірталас алаңы шеңберінде қатысушылар қайырымдылық пен корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің арасындағы айырмашылықты талқылайды.

Форум меморандумдарға қол қоюмен аяқталады, одан кейін қонақтар мен қатысушыларды үлкен қайырымдылық концерті мен корпоративтік қайырымдылық жасаушыларды марапаттау рәсімі күтеді.

Форумның екінші күні шеңберінде Әлеуметтік жобалардың ашық конференциясы өтеді.

Жаңалықтарды қадағалаңыз:

Facebook

instagram