Жылдық есеп 2018

Samruk-kazyna trust
Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қайырымдылық қызметі туралы

cover

2018 жылы 350 000 қазақстандық қайырымдылық көмекпен қамтылды

57
жоба жүзеге асырылды

Қайырымдылық бағдарламасының бюджеті 15 млрд. теңгеден
10 млрд.
теңгеге қысқартылды

қор туралы қосымша ақпарат

Біздің Оқиғалар

Барлық жобалар - бұл адамдар, олардың тағдырлары мен өмірлерін өзгерткен оқиғалары!

Ата-анасы дұрыс шешім қабылдағанын және олардың қызының да басқа құрдастары сияқты тең мүмкіндіктерге ие екенін түсінді.

Темірбаева Сабина

«Әртүрлі және тең» жобасы

Біреулерге мектеп формасы – бұл қарапайым атрибут, ал біздің қыздың ата-анасы үшін және оның өзі үшін бұл үлкен жетістік, бұл орындалған арманның символы!

Кенжебек Жанерке

«Дені сау балалар» жобасы

Менің арнайы залға баруға мүмкіндігім бола бермейді, бірақ біз достарыммен бұл жағдайдан шығудың жолын таптық. Өткен жылы біздің үйдің жанында жаңа спорт алаңын орнатты. Онда футбол алаңы да бар

Ілияс Бекен

«Менің Елім» бағдарламасы

«Сенің жаңа қырың!» челленджінің арқасында Артур өзінің ерік күшіне сенімділігін арттырып қана қоймай, алдына келешекте қол жеткізе алатын маңызды спорттық мақсаттар қойды

Махмутов Артур

«Сенің жаңа қырың!» жобасы
менің елім

Менің Елім

2016 жылдан бастап «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен «Менің елім» Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы жүзеге асырылады. Аталған Бағдарлама «Самұрық Қазына» АҚ компаниялар тобы қатысатын өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған. Бағдарлама әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жергілікті халықтың өмір сапасының жоғары деңгейі - әлеуметтік орта, білім, мәдениет және спортқа қол жетімділігін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.

52

движение

"әrекет"

Жоба коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті мына жолдармен дамытуға бағытталған:
1) Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға және бизнесті жүргізу дағдыларын дамытуға;
2) Конкурстық негізде гранттар беру;
3) 9 ай көлемінде бизнес-кеңесшілер мен тәлімгерлердің қолдауы мен мониторингі арқылы олардың тұрақтылығын арттыру.

265

96

движение

Ілияс Бекен

15 жас, Павлодар

Менің атым Ілияс, жасым 15-те. Мен Павлодар қаласында тұрамын. Жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысымын. Болашақта мен медиа саласында қызмет еткім келеді. Бірақ әлі нақты кім болатынымды шешпедім, журналист немесе фотограф. Қазір мен өзімнің болашақ мамандығыммен байланысты барлық нәрселерді зерттеп жатырмын, оқу мен қосымша сабақтардан бос уақытымда түрлі үйірмелер мен мастер-класстарға қатысамын. Сонымен қатар мен сортпен де айналысамын, өйткені менің ойымша салауатты өмір салтын ұстану өте маңызды.

победа

Менің арнайы залға баруға мүмкіндігім бола бермейді, бірақ біз достарыммен бұл жағдайдан шығудың жолын таптық. Өткен жылы біздің үйдің жанында жаңа спорт алаңын ортатты. Онда футбол алаңы да бар.
Қыс түскенде тұрғындар алаңды хоккей кортына тиісті құралдармен жабдықтады. Бұл тамаша ой, өйткені біздің Павлодарда қыс шамамен 5 айға созылады. Футбол алаңынан басқа онда балаларға арналған ойын алаңы да бар. Күн жылыған кезде маңайдың барлық балалары осы жерге ойнауға жиналады, әрине барлығы жаңа карусельдермен ойнап, аркан конструкцияларда өрмелеп көргісі келеді. Бірақ мен және менің достарым workout-алаңды таңдадық. Ол жерде жаттығулар жасауға да болады, тіпті арамызда кішігірім жарыстар ұйымдастыруға да болады. Менің ойымша бұл спортзалдың тамаша баламасы. Мен бізге, жастарға, осындай қамқорлық көрсетіп жатқан адамдарға алғыс айтқым келеді. Осындай алаңдар салып жатқандарыңызға үлкен рахмет, біздің қаламызда және елімізде осындай алаңдардың саны көбее түседі деп үміттенемін.

менің елім

Жеңіс

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуді

1357

менің елім

4770

менің елім
победа

Балалардың мүдделері үшін қозғалыс

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың бос уақытын тегін ұйымдастыру және білім беру жоба

1503

менің елім

21

менің елім
победа

Әртүрлі және тең

Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін тең мүмкіндіктер жасау арқылы Қазақстанда инклюзивті қоғамды ілгерілету.

150

менің елім
победа

Темірбаева Сабина

7 жас, Актобе

Сабина - отбасында қалаулы және көптен күткен бала.Ол уақытынан бұрын дүниеге келді, 33-ші аптада. Кенеттен басталған босану, перзентханаға жол, операцияға дайындық - есеп секундқа өтті. Әлі туылмаған Сабина анасының құрсағында тұншығып, оған ауа жетпеді.

победа
победа

Дәрігерлер қызды құтқарып үлгерді, бірақ келесі 5 күн бойы ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Сабина тек 6 күні өздігінен дем ала бастады. Жеті айға дейін бала өсіп, қалыпты дамыды, бірақ ол 8 айға толғанда – анасы алаңдай бастады: бала отыра алмады. Асфиксияның салдары біліне бастады және бұл аяқтың әлсіз тонусы арқылы білінді.
2 жасында сәбиге церебралды сал ауруы –аяқ-қолдың спастикалық диплегия диагнозы қойылды. Ата-ана үшін бұл диагноз аспаннан жай түскендей болды. Бірақ бұл Темірбаевтар отбасының рухын бұзбады. Олар күшейтілген оңалтудан және емдеуден өте бастады.. Мектепке баратын уақыт келеген кезде, Сабинаның ата-анасы оны Ақтөбе қаласындағы психологиялық- педагогикалық түзету кабинетіне мектепке дейінгі дайындыққа берді. Ол жерде қыз бала ЕДШ, музыкатотерапиямен айналысып, логопед, психолог, дефектолог сияқты мамандармен жұмыс жасап, жалпы массаж курсын алып отырды.
Сабина тіпті «Тоника» халықаралық конкурсының жеңімпазы болған шулы оркестрдің қатысушысы болды.

ППТК мамандарының кеңесімен Сабинаның ата-анасы оны жалпы білім беретін мектепке беруге шешім қабылдады және 2018 жылдың 1 қыркүйегінде Ақтөбе қаласының No3 орта мектебі базасында құрылған инклюзивті білім беру Ресурстық орталығы біздің кейіпкеріміз үшін өз есігін ашты. Мектеп бағдарламасынан бөлек, қыз бала логопед, психолог, дефектолог мамандардан сабақ алуды жалғастырады. Сабина әрқашан назарда болып, оның көптеген достары пайда болды. Ата-анасы дұрыс шешім қабылдағанын және олардың қызының да басқа құрдастары сияқты тең мүмкіндіктерге ие екенін түсінді. Және Темірбаевтардың барлық тату отбасы олардың қызы міндетті түрде аяққа тұрып, сыныптастарымен бірге жүгіріп ойнап кететініне сенімді!

менің елім

Дені сау балалар

Жоба жетім балаларға,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,толық емес, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға оңалту курстарын ұйымдастыру арқылы тегін оңалту көмегін көрсетуге бағытталған.

102

менің елім

80

менің елім
Здоровые дети

Балаларға өмір сыйла

«Балаларға өмір сыйла» жобасы Қазақстан Республикасында емделмейтін ауыр сырқатқа шалдыққан балаларға көмек көрсетуге бағытталған.

326

менің елім

200

менің елім
Здоровые дети

Медициналық пойыздар

2010 жылдан бастап Қазақстанда медициналық пойыздар халыққа қызмет көрсетеді, олардың арқасында Қазақстанның ең алыс жерлерінің тұрғындары тегін медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие болды. 2018 жылы екі медициналық пойыз іске қосылды: «Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» пойыздары. Әрбір медициналық пойыз көп бейінді медициналық көмек көрсету үшін, сондай-ақ персоналдың тұруы үшін жабдықталған сегіз вагоннан тұрды.

42 306

менің елім менің елім

6 552

бала

Здоровые дети

Кенжебек Жанерке

13 жас, Астана

Жанерке ауыр дәрежедегі спастико- гиперкинетикалық нысандағы церебралды сал ауруымен ауырады. Оған арбада отыру қиын, ал қолдары әрдайым оның қалауына бағынбайды, аяқтары кейде қатты тырысады. «Қасиетті жол» оңалту орталығында оған ең бірінші өзін және денесінің ерекшеліктерін білуді үйретті. Арбада еркін отыруды үйренді, себебі ол тәуліктің көп бөлігін сонда отырумен өткізді. Қыз 13 жаста. Және оның мектепке баруға деген ниеті күн санап еселене түсті. Бірақ болашақта оның тек үйде оқуға мүмкіндігі болды. Оңалту орталығының дәрігерлері Жанеркенің арманы жайлы біліп, қыздың арманын іске асыру үшін әрекетке көшті.

победа
победа

Бірінші кезекте бірқатар тексерулер жүргізіліп, оның интеллектуалдық қабілетінің сақталғанын анықтады. Команда оны мектепке дайындау үшін онымен жұмыс істеуді шешті. Жанеркені алфавитке, планшетте теріп жазуды, жыл мезгілдерін ажырата алуды, сюжет бойынша суреттерді реттеуді және көзқарасымен дұрыс жауаптарды көрсете білуге үйретті. Кейін оны түзету мектебіне оналастыру мәселесін шешетін уақыт келді. Қор Президентінің көмегімен Жанеркені сұхбаттасуға және мектепке тексерілуге шақырды! Мектепте Жанеркемен үш айдан астам уақыт бойы «Қасиетті жол» оңалту орталығында жұмыс жасалғанын білгенде, олар: «Иә, егер мамандар үміт артса, олар оған сенеді» деді. Мектеп маманы шығып Жанеркенің бірінші сыныпқа қабылданатынын,

өйткені оның көп дүниелерді білетіндігін, оның ақылды қыз екенін айтқан кезде біздің қуанышымызда шек болмады. Бұл жаңалық әкесіне жеткен кезде ол келесі күні бірден қызына мектеп формасын сатып алды». Біреулерге мектеп формасы – бұл қарапайым атрибут, ал біздің қыздың ата-анасы үшін және оның өзі үшін бұл үлкен жетістік, бұл орындалған арманның символы! Ол бірінші сыныпты бітірді, содан кейін мектептің педогогогикалық кеңесінде оны төртінші сыныпқа ауыстыру туралы шешім қабылданды.

менің елім

Туған елге саяхат

«Туған елге саяхат» жобасы – бұл осымен 3 жыл қатарынан Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балаларға демалыс уақытында 10 күндік саяхатқа шығып, Қазақстанның көркем орындары мен туристтік аймақтарын ұйымдастырушылар бекіткен бағдар бойынша тамашалауға мүмкіндік беретін туристтік пойыз.

Здоровые дети

«Сенің жаңа қырың!»

Жоба салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен тұрақты шұғылдану әдетін қалыптастыру мақсатында 21 күн ішінде 30 минуттық дене жаттығуларын ұйымдастыру арқылы халықты күнделікті дене белсенділігіне тартуға бағытталған. Жоба қазақстандық спортшылар мен елдің Олимпиада чемпиондары, саяси және қоғам қайраткерлері, бизнесмендер, танымал актерлер, әншілер және басқа да ірі тұлғалардың қатысуымен, өскелең ұрпақ үшін үлгі ретінде іске асырылды.

320
менің елім

менің елім

45%

менің елім
Здоровые дети

Махмутов Артур

7 жас, Алматы

«Сенің жаңа қырың» жобасы туралы Артур Instagram желісі арқылы білген. Ол үш жасынан бастап спортпен белсенді айналысты, оның ата-анасы ұлдарының мықты әрі өзіне сенімді бала болғанын қалайтын, ал спорт, олардың пікірінше, рух пен ерік-жігерді шыңдайды. Жоба туралы білгеннен кейін Артур өзінің күш-жігерін тексеріп, өз құрдастарына үлгі көрсетуге бел буады: гаджеттермен уақыт өткізіп, омыртқа мен көру қабілетін нашарлатқанша, спортпен айналысып, нәтижелерге қол жеткізген дұрысырақ деп шешеді. 21 күн бойы бала жапондық еркін күрес – Джиу-джитсумен айналысады, сондай-ақ ашық спорт алаңдарында жаттығып, жүгіреді.

победа

«Сенің жаңа қырың» челленджінің арқасында Артур өзінің ерік күшіне сенімділігін арттырып қана қоймай, алдына келешекте қол жеткізе алатын маңызды спорттық мақсаттар қойып, бұрын айналыспаған спорттың жаңа түрлерінен өзін сынап көрді.
Бүгін Артур жаттығуларға күніне кем дегенде үш сағат уақытын жұмсайды. Оның көптеген сыныптастары Артурға қолдау білдіріп, артынан ерді. Артур осы күнге дейін «Сенің жаңа қырың» жобасының екінші толқынының ең белсенді қатысушысы және ол әрбір жаңа сынақты қолдайды.

Толық есепті жүктеу

PDF