«SAMRUK-KAZYNA TRUST» ӘЛЕУМЕТТІК
ЖОБАЛАРДЫ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ
ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
2019 ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ
39 жоба
Қазақстанның барлық аймақтары
< 392 МЫҢ
БЕНЕФИЦИАРЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚАМТЫЛУЫ
БІЗДІҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСТЕРІМІЗ
Бұл әлемдегі ең әсерлі, әдемі әрі жарқын шоу...
Исабекова Әсем
«ДЕНИС ТЕНДІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН МҰЗ ШОУЫ» жобасы жайында
«Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚБ медициналық колледж базасында стоматологиялық кабинет ашып, есту қабілетінде кедергілері бар 6 баланы жұмысқа орналастырды
«ӘREKET» жобасы
Мен енді көмекке мұқтаж адамдардың, әсіресе қарт кісілердің өміріне бей-жай қарай алмаймын
Сқақов Әміржан
«ЖЕҢІС» жобасы
Мен барлық дәрігерлерге, әсіресе «Жәрдем» медпойызының мамандарына алғыс айтқым келеді. Олар болмаса, соңы қалай боларын елестете де алмаймын. Сіздерге үлкен рақмет, мен сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің алдында бас иемін
Елена Ахметова
«МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗДАР» жобасы
Мектепті және университетті бітіргеннен кейін заң саласындағы маман ретінде Қазақстанға оралып, туған жерде жұмыс істегім келеді
Әубәкіров Ержан
«ТУҒАН ЕЛГЕ САЯХАТ» жобасы
ӘЛЕУМЕТТІК
ИНВЕСТИЦИЯЛАР
БАҒДАРЛАМАСЫ
«Менің Елім»
2016 ЖЫЛДАН БЕРІ «МЕНІҢ ЕЛІМ» ӘЛЕУМЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ (БІЛІМ БЕРУ, МЕДИЦИНА, СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ) ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДА ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДА
«ӘREKET» ЖОБАСЫ

Жоба гранттар бөлу және 9 ай көлемінде қаржылық емес көмек көрсету арқылы коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға бағытталған

290 КЕҰ ішінен 25-і әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша жобаларды іске қосуға немесе дамытуға грант алды

«ӘМБЕБАП СПОРТ ЖӘНЕ БАЛАЛАР
АЛАҢДАРЫН ОРНАТУ» ЖОБАСЫ

Жоба халық арасында салауатты өмір салты мен дене шынықтыруға деген қызығушылықты арттыруға және балалардың спортпен айналысуын дамытуға бағытталған

Қазақстанның 12 аймағы мен 3 республикалық деңгейдегі қаласында 36 спорттық және ойын алаңы орнатылды. Бұл алаңдардың жалпы ауданы 45 406 м2 құрайды

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ
МЕДИЦИНАЛЫҚ
СЕКТОРДЫ ҚОЛДАУ
«ЖЕҢІС» ЖОБАСЫ

Жоба көмекке мұқтаж Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік-тұрмыстық қолдау көрсетуге бағытталған

646 еріктінің күшімен Қазақстанның 35 қаласында 1 440 ардагер мен тыл еңбеккеріне қолдау көрсетілді

«САЛАМАТТЫ БОЛАШАҚ» ЖОБАСЫ

Жоба аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бейімді дене шынықтыру және дене шынықтыру-жаттықтыру бағдарламалары бойынша алғашқы қазақстандық оқу құралы әзірленді

Қазақстанда алғаш рет халықаралық балалар Паралимпиадалық ойындары өткізілді. 6 спорт түрі бойынша балаларға арналған 11 топ ұйымдастырылып, 150 баланы қамтыды

«МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗДАР» ЖОБАСЫ

2010 жылдан бері Қазақстанның шалғай аудандарының халқы тегін медициналық көмек алады

2019 жылы «Денсаулық» және «Жәрдем» екі медициналық пойызы 273 бекет пен разъезд тұрғындарына көмек көрсетті, 209 249 дәрігерлік тексеру болды, 67 540 қазақстандық тексерілді, оның 11 256 кішкентай бала

АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ
ДАМЫТУ
«ЖАС ДАРЫНДАР» ЖОБАСЫ

Жоба балаларға республикалық және халықаралық шығармашылық байқауларға, олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, спорттық жарыстарға қатысу үшін тегін жол жүру грантын (бару және қайтуға әуе, авто, теміржол билеттері) беруді көздейді

Болгария, Англия, Германия, Тунис елдерінде іс-шараларға қатысу үшін 36 бала жол жүру грантын алды

«ТУҒАН ЕЛГЕ САЯХАТ» ЖОБАСЫ

Жоба туристік пойыздың арқасында балалардың туған елде саяхаттауларына, көрікті жерлерге барып, өз отандарының мәдениеті мен тарихын тануларына мүмкіндік беруге бағытталған

2019 ж. жобаға 600 бала қатысты: 500 – шет аймақтардан келген бала, 50 – шығармашылық байқаудың жеңімпазы, 50 – шет елдердегі қазақ диаспорасынан

ИМИДЖДІК
ЖОБАЛАР
«ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН
КОМАНДАЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ӨТКІЗУ» ЖОБАСЫ

Жоба Қазақстанды халықаралық спорт аренасында ілгерілетуге, шахмат спортын дамытуға және қазақстандық шахматшыларды әлемдік деңгейге жеткізуге бағытталған

Турнир барысын 30 млн адам бақылады: Азия, Еуропа, Америка мемлекеттерінен

Әлемнің 14 елінен келген 120-дан астам қатысушы

«ДЕНИС ТЕНДІ ЕСКЕ АЛУҒА
АРНАЛҒАН МҰЗ ШОУЫ» ЖОБАСЫ

Жоба ұлы спортшы Денис Тенді Еске алу күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Шараға мәнерлеп сырғанаудың әлемдік жұлдыздары мен Денис Теннің жақын достары және туыстары қатысты

Шоуды тамашалауға әлемнің көптеген елдерінен 10 мыңнан астам көрермен келді, олардың ішінде: Ресей, Жапония, Қытай және т.б.

«SAMRUK-KAZYNA TRUST» ӘЛЕУМЕТТІК
ЖОБАЛАРДЫ ДАМЫТУ ҚОРЫ МЕДИА ӨРІСТЕ
1779
2019 Ж. БАҚ-ДА ЖАРИЯЛАНҒАН МАТЕРИАЛДАР САНЫ
97
ТЕЛЕАРНАЛАРДА ШЫҒАРЫЛҒАН СЮЖЕТТЕР САНЫ
2250
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕНГЕН ПОСТТАР САНЫ
Медиа өрісте біз туралы жарияланатын барлық материалдар - тегін. Бұл біз ұстанатын басты қағида. «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының барлық қаражаты Қазақстан халқына көмек көрсетуге жұмсалады және біздің сюжет немесе жарияланымға бағыттай алатын ақшамыз біреудің өмірін құтқара алады. Әрине, біз өмірді таңдаймыз!
МИРАС ІРГЕБАЕВ
Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры – «SAMRUK-KAZYNA TRUST» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі
ЕСЕПТІҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН ЖҮКТЕУ