Қуаныш Асқарбеков алтын медаль иеленді. Финалда ол испаниялық Хуан Мануэль Монтийямен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Итиана Шыңғысханова күміс жүлдегер атанды. Ол жартылай финалда қарсыласын 6:3 есебімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Финалда бразилиялық спортшыға есе жіберді.

Сан-Паулуда өтіп жатқан Әлем кубогына 24 елдің спортшылары қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында үш боччист өнер көрсетуде:

• Итиана Шыңғысханова – Қазақстанның боччадан төрт дүркін чемпионы;

• Қуаныш Асқарбеков – Қазақстанның боччадан екі дүркін чемпионы;

• Азамат Аманша – Қазақстан чемпионы.

Үшеуі де – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Саламатты болашақ» жобасы аясында ашылған инклюзивті спорт секцияларының түлектері. Спорттағы алғашқы қадамдарын осы секцияларда бастаған олар кейін боччамен кәсіби деңгейде айналысып, бүгінде халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап жүр.

Жарыс 12 қарашаға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы командалық сайыста жүлделі орындар үшін күресіп жатыр.