Ақтөбе облысында биыл жұмысын бастаған 10 инклюзия сыныбының 2-уі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның қатысуымен №1 және №8 мектепте жабдықталып, іске қосылды.

«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Жу Шитао №1 мектепте болып, инклюзияны қолдау кабинетінің қызметімен танысты.
Кабинеттер қор тұжырымдамасына сай әзірленіп, дефектолог, логопед, психолог мамандары, ұыш шеберханасы, жеке және топтық оқыту, демалыс аймақтарынан және жеке емдік дене шынықтыру кабинетінен тұрады.
Кабинеттердің жұмысы балалардың білім беру ортасына бейімделуіне, қажетті дағдыларды дамытуына және әлеуметтенуіне бағытталған. Бұл оларға үйреншікті мектеп ортасынан алыстамай, кәсіби мамандардың көмегін алуға мүмкіндік береді.

1 қыркүйектен бастап Ақтөбе қаласындағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің қызметін 600-ге жуық бала пайдаланып келеді.
Еліміз бойынша «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен 46 инклюзия сыныбы ашылып, 3 мыңға тарта оқушы инклюзивті біліммен қамтылып отыр.